Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда дәрігерлер қате диагнозбен емдеген баланың денесіне қатерлі ісік тарап кеткен

Алматыда қате диагноз қойылған бала жәрдемге мұқтаж, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Алматылық дәрігерлер баланы қате диагноз бойынша емдеген. Баланың дерті бұлшықетіне жайылып, өкпесіне жеткен. Бірнеше фильмде ойнаған Айбек Жебегеннің ата-анасы көпшіліктен көмек сұрап, ақша жинаған еді. Корейлік дәрігерлер ем жүргізуге тағы қаражат сұраған.

Жас актер аспапта ойнап, түрлі жарыстан орын алған болатын.

«Кішкентай болса да, ауыр дертке шалдыққанын өзі сезіп, қазір енді кейбір кезде бізге де білдіртпейді.  Күресіп жатыр баламыз бізбен қатар. Соған ризамын», – дейді әкесі.

Бұл дерт 6 млн адамның бірінде ғана кездеседі. Алматылық дәрігерлер асқазаны ауырады деп ем жүргізген. Ал, шетелдік дәрігелер ота арқылы алып тастауға болатынын айтқан.

«Кореядан құдай қаласа баламыз жазылып келсе деп армандаймыз. Соны құдайдан да, сіздерден де сұраймыз», – дейді Венера Оңалбаева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау