Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда дәрігерлер 6 жасар қыздың өлімінің нақты себебін хабарлады

Алматыда операция үстінде қайтыс болған алты жасар Эвелина Янушайтенің өліміне ауыр онкологиялық ауру себеп болған.

Янушайте

Бұл туралы Sputniknews хабарлайды.

Дәрігерлер бұл аурудың басталуы көп ретте қайғылы жағдаймен аяқталады дейді. Алты жасар Эвелина 17 қыркүйек күні түнде операция кезінде қайтыс болған. Қыздың анасының айтуынша, бала дәрігерлердің дұрыс диагноз қоя алмауынан көз жұмған.

Бастапқыда қызды ангина деп емдеген. Кейінірек іш пердесінің қабынуы белгілі болып, хирургиялық жолмен емдеуге көшеді. Қыз қайтыс болғаннан кейін қалалық денсаулық сақтау басқармасы тәуелсіз сарапшылардан құралған арнайы комиссия құрып, олар сейсенбі күні журналистерге жұмыстарының нәтижесін жария етті.

“Асқынған лимфобластты лейкоз” деген диагноз қойылды, бұл қан рагы. Мұндай жағдайда лейкоз асқынып басталған. Лейкоз жедел дамып кетуі мүмкін”, – деп түсіндірді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бағдагүл Әбдірасылова.

Осы ретте тілшілер тарапынан неліктен бастапқыда ангина деген диагноз болғаны туралы сұрақ қойылды. Маманның айтуынша, мұндай жағдай лейкоз кезінде көп кездеседі екен. “Балалардағы лейкоздың пайда болуы кезінде ангина жиі кездеседі. Ересектерде де солай. Емделушілер ангина, басқа да жеңіл-желпі аурумен шағымданады, ал ол бірақ қиын аурудың бастамасы болуы ықтимал”, – деді ол.

Сонымен қатар ол дәрігерлердің қызға ем-домды ауруына сәйкес тағайындағанын да айтты. антибактериялды терапия жүргізгеніне қарамастан, қыздың жағдайы дұрысталмаған. Оның айтуынша аурудың бұл түрінің қыр-сырын толық ашып, ем тағайындау үшін бірнеше кезеңнен тұратын диагностика мен зерттеу шараларын жүргізу керек екен.

Оқи отырыңыз:

Оразаның пайдасын дәлелдеген токиолық ғалым Нобель сыйлығын алды (фото)

Британдық дәрігерлер алғаш рет адамзат баласын АИТВ (ВИЧ) дертінен айықтырды

Тұмау мен суық тиюден дәрісіз арылудың, ауырмаудың 5 тәсілі

Диетологтар дұрыс тамақтанудың құпиясын ашты

Талқылау