Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Чукотка» барының маңындағы төбелес үшін сотталған азамат бостандыққа шықты

Алматыда «Чукотка» барының маңындағы төбелес үшін сотталған Александр Кузнецов бостандыққа шықты. Ол Қапшағай сотының шешімі шыққанға дейін қандай ойда болғаны туралы айтып берді.

Александр Кузнецов

Сурет: Sputniknews.kz/Алма Мусина

Бұл туралы  Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Бәрінің басқаша болатынына сенімді болдым. Алайда қолымнан келгеннің бәрін жасауым керек еді. Егер қолыңнан келгеннің бәрін жасағаннан кейін жеңіліп қалсаң, аздап жеңіл болады. Әлі де сенбеймін. Шындығында, эмоционалды тұрғыда сезініп отырғаным жоқ. Сөйлеуге әрең сөз табудамын», – дейді Кузнецов.

Кузнецов Алматы облысы Заречный аулындағы 155/14 түрмесінде жазасын өтеп шықты. Бүгін ол бостандыққа шығып, сот оның жазасының өтелмеген бөлігін айыппұлмен алмастырды.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы «Чукотка» барының маңында Александр Кузнецов пен Сырым Мұратқалиевтың арасында төбелес болған. Бұл оқиғаның соңы Мұратқалиевтың өлімімен аятқатлған еді. Сот үкімімен Кузнецов абайсызда адам өлтірді деп мойындалып, оған 1,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Кузнецовтың сөзінше, Мұратқалиевтың қолында пышақ болғандықтан, ол қорғанбақ болған.

Десе де аппеляциялық сот алқасы Кузнецовты кінәлі деп мойындап, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

2017 жылы Қазақстанның Жоғары соты аталған істі қайта қараудан бас тартқан еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау