Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Чукотка» барындағы төбелеске қатысқан жігіт 8 жылға сотталды

Алматыдағы апелляциялық сот алқасының үкімімен Кузнецов біреудің өміріне әдейі зақым келтіру,соңы өлімге жеткізу бабы бойынша қылмыстық істе кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айрылды.

photo_164401
Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Алматы қалалық сотының хабарлауынша Александр Кузнецов өз жазасын жалпы режимдегі түзету колонияда өтейтін болады.

Белгілі болғандай «Чукотка» барының алдындағы төбелес 2015 жылдың 7-ші наурызында болған. Сот алды тергеу барысында оқиғаның жай-жапсары былай анықталған еді: «Чукотка» барында отырған Кузнецовқа екі ер азамат келеді. Аз уақыттан кейін бұл үшеудің арасында түсініспестік пайда болады. Бардың күзетшісі үш азаматты далаға шығарып жібереді. Осы жерде екі азаматтың бірі Кузнецовқа қол көтеріп,екіншісі пышағын шығарады. Осы жерде Сырым Мұратқалиев басымен құлап ауыр соққы алады. Кейіннен осы жарақатының салдарынен өмірі қиылады.

Маусым айында Алматыдағы Медеу ауданының соты Кузнецовты абайсызда адам өліміне септігін тигізген әрекеті үшін 1,5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарады. Кузнецов бұл жерде өз-өзін қорғау болғанын дәлелдемек болған. Бұл жазаны қайтыс болған азаматтың туыстары тым жұмсақ деп Медеу ауданында оқылған сот үкімін қайта қарауды сұрап апелляциялық шағым түсіреді.

Іс қайтадан қаралып, тергеу жұмыстары басынан басталады. Ол жерде төбелес бойынша тағы бірнеше айғақтар қосылады. Онда айыпталушы қайтыс болған азаматты бірнеше рет басынан соққаны анықталады. Сол таяқтаудың кесірінен Мұратқалиевтің бас ми сүйегі сынып, миына қан құйылып жол жиегіне құлайды. Бұдан бөлек жағы мен мұрны сынған.

«Осындай жағдайдан кейін түрлі жарақат алған Мұратқалиев қайтыс болды. Абайсызда денсаулығына зиян келтіріліп салдарынан адам ажал құшқан»,- делінген Алматы қалалық сотының баспасөз баянында.
Енді қалалық күімге қатысты жәбірленушінің туыстары немесе күдікті касациялық сотта және Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына қайта шағым түсіре алады.

Талқылау