Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда цехтағы өрт салдарынан 200 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Өрт сөндірушілер хабар келіп түскен соң жеті минут ішінде өрт шыққан жерге жеткен.

Бұл туралы Sputnik басылымы жазды.

“Алматы қаласы Медеу ауданында цех өртенді, зардап шеккендер жоқ”, – деп хабарлады Алматы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Сәрсенбі, 8 қарашада 05:51-де Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне Сәтпаев, 5 мекенжайы бойынша цех өртеніп жатқаны туралы хабар жеткен. Алғашқы өрт сөндіру жасағы оқиға орнына жеті минут ішінде жеткен.

“Жөндеу-құрылыс жұмыстары жүріп жатқан бөлікте металл шатырдың ағаш торламасы өртеніп, шатырдың біраз жері опырылған. Өрт сөндірушілердің шапшаң әрекеті арқасында өрт қойманы алып кеткен жоқ”, — деп хабарлайды Баймұхамбетова.

Куәгерлер хабарлағандай, 200 адам қауіпсіз жерге шығарылған.  Өрт 07:13-те ауыздықталып, 07:34-те сөндірілді. Аумағы 750 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда цех өртке оранды

Жігіті тастап кеткен бойжеткен шақалағын 17-қабаттан лақтырып жіберді

Бишімбаев параны “Ақсәуле” деген құпия сөз арқылы алып отырған

Бишімбаевтың қорғаушылары енді прокурорды ауыстыруды талап етті

Талқылау