Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бүлдіршінді қағып өлтірген шопыр бірінші көлігінің сыртын тексеріп әуреленген

Көлік қағып қайтыс болған баланың туысы  оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Оқушы Алматы облысы бойынша тәртіп сақшыларының бастамасымен құрылған  жол ережесін сақтауды үйрету, қадағалау тобына мүше болған,-деп жазды patrul.kz.

Адам айтса нанғысыз бұл жағдай жақында ғана Талдықорған қаласында болған. Nexia көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіге арналған жолақтағы екі бірдей баланы қағып өткен. Мектеп оқушысы жарақат алғанымен аман, ал оның 5 жасар інісі оқиға орнында қайтыс болды.

 

Оқушы қыз болған жағдайды есіне алды. Сол күні қыздың әкесінің туған күні еді.

Сабақтан қайтқан қыз інісін балабақшадан алып, үйдегі мерекелік кешке асыққан.

Оқиға болған кезде жаяу жүргінші жолағынан жолды кесіп өтпек болған  балалар жарты жолға келіп қалған. Жан –жақтарына қарап  қатты жылдамдықпен кележатқан көлік тоқтай алады ма деп асықпай жүрген. Жүк өлігі мен тағы бір жеңіл көлік балаларға жол берген. Ал оның арғы жағында кележатқан көлік жылдам өтіп кетпекші болғанға ұқсайды. Тоқтамай келіп балаларды қағып кеткен.

Қыз қолы мен аяғынан айтарлықтай жарақат алған. Ал оның інісі оқиға болған жерде есін жимастан қайтыс болыпты.

Оқушы оқиға болған кезде өздерін қаққан жүргізушінің көмекке емес өз көлігінің сыртын тексеріп әуре болғаны таң қалдырған.

 

 

Талқылау