Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бұрышты баллонынан шашылған газдың салдарынан 21 оқушы зардап шекті

Бүгін Алматыда дәрігерлер №7 орта мектепте бұрышты газ баллонынан шашылған газдың салдарынан зардап шеккен оқушылардың қазір қандай күйде екендіктерін баяндады.

балалар

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-алдын алу бөлімінің жетекшісі Айман Байзалданованың айтуынша, барлығы 21 оқушы зардап шеккен. Олардың 18-і №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды.  Сондай-ақ, екі бала шұғыл медициналық жәрдем ауруханасына жөнелтілді. Тағы бір зардап шеккен оқушы ауруханаға жатудан бас тартты.

Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының бас дәрігері Абай Құсайыновтың айтуынша, алты бала қарқынды терапия және жан сақтау бөліміне жатқызылса,  қалғандары токсикология бөліміне жатқызылды. Қазір оларға уытсыздандыру терапиясы жүргізіліп жатыр. Балалардың бірқатары ауруханадан үйлеріне баруға дайындалуда.

«Бізге келіп түскен 13 жасқа дейінгі балалардың алғашқы кезде бастары және кеудесі ауырды. Жүректері айнып, лоқсыды. Олар орташа ауыр дәрежеде уланған. Қазір балалардың халі жақсы, көңіл күйлері жақсарды », – деді А. Байзалданова.

Айта кетелік, Алматы қаласының Медеу ауданындағы Алатау кентінде орналасқан і №7 орта мектептеге болған оқиға туралы ақпарат қаланың шұғыл қызметтерінің кезекші бөліміне 30 қараша күні таңертең келіп түскен болатын.  Бұл оқиға ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-ші бабының 1-ші тармағы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізілімге енгізілді.

Қазіргі таңда, зардап шеккен 12 баланы амбулаториялық емдеуге, ал қалған 6 баланы жансақтау бөлімінен бүгін жалпы палатаға ауыстыру жоспарлануда.

Талқылау