Алматыда борышкерлер қара бүркеніп наразылыққа шықты (видео)

Сәрсенбі, 20 Қаңтар , 2016 12:56

Алматыда бүгін ипотекалық несиеге үй алып, қарызын өтей алмай жүрген ондаған борышкер “Казкоммерцбанктің” Әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысында орналасқан бөлімшесі алдында наразылық шарасын өткізді.

3F029FFC-9FCA-42D0-BB99-ACC9FCD686EF_w640_r1_s

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды.

Борышкерлер талаптарын айту үшін банк басшылығының сыртқа шығып, өздерімен кездесуін талап еткен.

ірнеше банктен ипотекалық несие алған борышкерлер экономикалық жағдай мен теңгенің үздіксіз құнсыздануына байланысты қарыздарын төлей алмай жатқанын айтып, берешектерін қайта есептеуді, келісім-шарттың кей тармақтарын өзгертуді сұрады.
Наразылардың кейбірі көздері ғана көрінетіндей етіп қарасұр мата жамылып шықты. Олар бұл белгі өздерінің “құл” болғанын білдіреді дейді.
Бөлімшеден шыққан өкіл борышкерлерге банк төрағасына қоятын талаптарын жазбаша тапсыруды сұрады. Бірақ борышкерлер оған қарсылық білдіріп, “Төраға, сыртқа шық!” деп ұрандап айқайлап тұрып алды. Борышкерлер бұдан соң сол маңға жақын “Банк ЦентрКредит” бөлімшесіне барып, онда да талаптарын мәлімдеді.

Бұл жағдай желіде де үлкен талқыға түсті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар