Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда “бомба” туралы хабар түскен соң бірнеше БАҚ қызметкерлерін көшірді

Алматыда қазақстандық КТК телеарнасы редакциясына “бомба қойылғаны” туралы хабар түскен. Осыдан соң телеарна қызметкерлері сыртқа шығарылды.

Алматыда БАҚ өкілдерінің редакциясына әлдекім хабарласып, ғимаратқа бомба қойылғаны туралы хабар айтты. Осыдан соң КТК, НТК, ТРК “Мир” телеарна қызметкерлері мен “Европа плюс” радиостансасының қызметкерлері сыртқа шығарылды.

Қалалық полиция өкілдерінің мәліметінше, бомба қойылғаны туралы ақпараттың жалған екені анықталды. Қазметкерлер өз жұмыс орнына орналасты.

Қазір жалған хабар айтқан адам табылды, деп жазады zakon.kz.

Күдікті бұрын ұрлық ісі үшін сотталған. Оған қатысты “Теракт жөнінде жалған ақпарат тарату”  бабы бойынша тергеу жүруде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау