Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда болған атыстың суреттері (фото)

Дүйсенбі күні таңертең Алматының Гоголь мен Абылайхан көшелерінің қиылысындағы «Нұр Отан» партиясының кеңсесіне жақын маңда атыс болды.

12553969

 

Суреттер: ИА Новости-Казахстан, Анатолий Устиненко

12554151

Оқиға орнында тас жол үстінде полицейдің денесі жатыр.

Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің маңында да атыс болғаны жайлы әлеуметтік желіде таралған болатын.

12554351

Желі қолданушыларының бірі видео да жариялаған. Видеодан белгісіз ер адамның автоматпен полицейге оқ атқанын болжауға болады.

9544327

Бұған дейін хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр. Алматыдағы террорға қарсы операция: қалалықтардың үйлерінен шықпаулары қатаң ескертілді.

Талқылау