Алматыда болған атыстың суреттері (фото)
Дүйсенбі күні таңертең Алматының Гоголь мен Абылайхан көшелерінің қиылысындағы «Нұр Отан» партиясының кеңсесіне жақын маңда атыс болды.
Суреттер: ИА Новости-Казахстан, Анатолий Устиненко
Оқиға орнында тас жол үстінде полицейдің денесі жатыр.
Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің маңында да атыс болғаны жайлы әлеуметтік желіде таралған болатын.
Желі қолданушыларының бірі видео да жариялаған. Видеодан белгісіз ер адамның автоматпен полицейге оқ атқанын болжауға болады.
Бұған дейін хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр. Алматыдағы террорға қарсы операция: қалалықтардың үйлерінен шықпаулары қатаң ескертілді.
Талқылау