Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда болған атысқа қатысқан боксшы Жанқош Тұраров түсініктеме берді

Танымал боксшы Жанқош Тұраровтың қатысуымен болған атыс желіде шу тудырды. Боксшының өзі 10 шақты күн бұрын болған оқиға кезінде жазым бола жаздаған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жанқош Тұраров

Желіде тарап кеткен видео кадрларынан әуелі екі топтың жанжалдасқаны байқалады. Мұнан кейін сол жердегі сақалды ер адам боксшыға тапанша кезеніп, оқ жаударған. Артынша екі топ арасындағы келіспеушілік төбелеске ұласты.

Өз кезегінде Жанқош Тұраров бұл оқиғаның жігіттер арасындағы келіспеушілік екенін растап отыр.

«Абырой болғанда жарақаттанған ешкім жоқ, бәрі бейбіт жолмен шешілді», –  дейді боксшы.

Кей мәліметтерге сәйкес, оқиғадан кейін 5 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ал қару ұстаған екі адам қамауға алыныпты.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің мәлімдеуінше, аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Айта кетсек, бұған дейін полиция Жанқош Тұраровтың қатысуымен болған қарулы төбелеске қатысты пікір білдірген еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау