Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір топ жігіт жолда келе жатқан жүргізушіні ес-сүссіз соққыға жыққан (видео)

Сейфулин мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында жолға таласқан жүргізушілер өзара төбелескен видео ғаламторға жарияланған еді. артқы көліктен түскен 4 жігіт өзге көліктегі екі жігітті жерге құлатып алып, соққыға жыққан.

Безымянный

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Жанжал артта келе жатқан көліктің видеотіркеуішіне түсіп қалған. Видео авторының айтуынша, артқы көліктен түскен 4 жігіт өзге көліктегі екі жігітті жерге құлатып алып, соққыға жыққан. Олардың бірі сол жерде ес-түссіз қалған.

Қалалық ІІД болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Жетісу аудандық ІІБ басшысы Рамиль Түсіповтың айтуынша, бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 293 бабының 2 бөлімімен (бұзақылық) тергеу жүріп жатыр.

Қазіргі таңда оқиғаға қатысты төрт жігіт ұсталған. «Бұл қылмыс туралы әлеуметтік желілерден білдік. «102» нөміріне ешқандай арыз келмеді. Анықталғандай, екі көлік біріне бірі жол бермеген. Оның арты төбелеске ұласып, салдарынан бір адам қатты соққыға жығылған. Қазір жапа шеккен адам арызданды», – деді Жетісу аудандық ІІБ басшысы Рамиль Түсіпов.

Талқылау