Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір топ ұры бизнесменнің үйін тонап кеткен

Алматы облысында топ болып, қарақшылық шабуыл жасаған Шу қаласының тұрғыны “Іздеу” операциясы аясында ұсталды.

62764_1491976808

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Өңірлік ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Жамбыл облысының жиырма алты жастағы тұрғынын Райымбек ауданы ІІБ қызметкерлері ұстады. Ұсталған ер адам қамауда отыр.

2016 жылы қазанда күдікті бір топ адаммен бірігіп, Нарынқол ауылындағы кәсіпкердің отбасына қарулы шабуыл жасаған. Үйден зергерлік бұйымдар, оқ ататын қару және 4 миллион теңге тоналыпты.

Полиция атап өткендей, күдіктінің сыбайластары ізін суытпай табылып, жауапкершілікке тартылған.

Ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі, ҚР ҚК 291-бабы 3-бөлігі бойынша жалғасуда.

Тағы да оқыңыз:

Өскеменде тағдыр тәлкегіне ұшыраған әйелге пәтер берілді

Алматыда жоғалған спортшы қызбен бірге болған жігіт құздан құлап көз жұмды

Египетте жоғалған студенттің әкесі оларды “әскери адамдардың алып кеткенін” хабарлады

Талқылау