Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен қыз аман-есен табылды

Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен 17 жастағы Зернеш Серікбаева Тараз қаласынан табылды. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

2264397

Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылының тұрғыны Зернеш Серікбаева 17 сәуір күні жоғалып кеткен болатын. Өздерінің іздеу әрекеттерінен нәтиже шықпағаннан кейін қыздың туыстары полицияға хабарлап, БАҚ арқылы жұртшылықтан көмек сұраған болатын. Ата-анасының айтуынша, қызды іздеу кезінде олар балгерлердің де көмегіне сүйеніпті.

Қызды іздеуге Қарасай аудандық полиция қызметкерлері дереу кіріседі.

“Зернеш Серікбаеваның суреті бағдарлау үшін барлық іздеу бөлімдеріне және Жамбыл облысына да жіберілді. Белгілі болғандай қыз осы уақыт ішінде Алматыдағы көлік жуу орталықтарының бірінде жұмыс істеген және бірер күн бұрын туған әпкесіне кезігу үшін Таразға кетіп қалған”, – деп хабарлады полиция.

Қазіргі таңда қызды өз үйінен ұзақ уақытқа кетіп қалуына не итермелегені анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Премьер-министр тараздық оқушы баланың ерік-жігеріне таңғалды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл мектебінде әлімжеттік өршіп тұр

Интернетте ҰБТ жауаптары саудаланып жатыр

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ЭКСПО күзет басшысының әйелі үндеу жолдады (видео)

Талқылау