Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақталып шыққан алматылық өз баласын зорлады деген күдікпен қайта қамалды

Алматыда ер адам өз ұлына сексуальды қысым көрсетті деген күдікпен екінші рет ұсталып отыр. Бірінші рет іс сотқа дейін жетіп, бірақ әкесі ақталып шыққан еді.

12_main

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Сот шешімімен келіспеген анасы сотқа қайта шағым түсірген. Сол себепті сот бүгін бірінші отырыс дұрыс өтпеген, істің мән-жайын қайта қарастырмақ.

Анасының айтуынша бес жасар ұлына туған әкесі жыныстық күш көрсеткен. Мұның бәрі анасы жоқ, баласы тек үйде жалғыз қалған сәтте болған екен. Бір ай бұрын әкесі еш кінәсіз деп танылған еді. Алайда қайта қараушы комиссия аталған шешімді жоққа шығарды.

“Цой баласын анасы үйде жоқ кезде зорлаған деп күдікке ілініп отыр. Ақтау үкімі кезінде қылмыстық-процессуалдық заң өрескел бұзылған”, – дейді Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Дияс Махамбетов.

“Енді істі басқа сот құрамы қарайтын болады. Іс материалдары бойынша ер адамның жазалану мүмкіндігі 80 пайыз”, – дейді зардап шегушінің өкілі Қайрат Молдахметов.

Істің бұлайша күрт өзгеріп сала беруі әкесін де таңқалдырып отыр. Шамалы уақыт бұрын ғана Олег Цой баспасөз мәслихатында әйелін кінәлі деп, онымен есеп айырысатынын айтқан еді. Ол осы әдіс арқылы әйелі өзінен үйді тартып алғысы келеді дейді.

“Ажырасу туралы мәселе көтерілгенде ол пәтерді қалайда өз атына алғысы келді. Бірақ, менің мұның мүмкін еместігін айттым. Сосын ол осы қылмысты ойдан құрастырып дайындай бастады”, – дейді Олег Цой.

Ал әйел болса тұрғын үйге қатысы жоқ екенін, ал мына қылмысы жазасыз қалмауы керек деп санайтынын жеткізді.

“Прокуратура, мамандар, тәуелсіз сарапшылар жұмыс істеп анықтап отыр. Ал ол біздікі дұрыс емес дейді. Олай болмайды! Мен жаза өте қатаң болуы керек деп есептеймін. Бұл өзгелерге де сабақ болар еді. Туған әкеден қорқатын болсақ, балаларымызды қалай қорғамақпыз”, – дейді анасы Мария.

Әйелдің айтуынша бала өзін қазір жақсы сезінеді. Қорқынышты күнді еске алмайды. Бұл үшін оған психологтар көмектескен.

Талқылау