Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бес күн бұрын жоғалып кеткен 4 жасар баланың әжесі немересін біреулер ұстап отыр дейді

Алматыда ауқымды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алматының сыртында орналасқан ықшам аудандардың бірінде үйдің жанында ойнап жүрген 4 жасар Әрсен Көмеков із-түссіз жоғалып кетті. Бес күн бойы полиция қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындар баланы іздеп, хабарлама таратып жүр. Бұл туралы КТК арнасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Алматыда бес күн бұрын жоғалып кеткен 4 жасар баланың әжесі немересін біреулер ұстап дейді

Полиция мен жергілікті тұрғындар ең алдымен бала құлап кетуі мүмкін деген қауіпті жерлерді, яғни шұңқырларды, ұңғымаларды, арықтарды және кішігірім өзендерді тексеруде. Бірақ әлі күнге дейін ешқандай із таппай отыр.

Бүлдіршін бейсенбіде тапа-тал түсте жоғалып кеткен. Туыстарының айтуынша, ол қақпадан шығып, жақын жерде ойнап жүрген. Сол сәтте үйде үш ересек адам болған, бірақ олардың бірде-біреуі балаға көз қырын салмаған. Баланың жоғалып кеткенін анасы Жанар Көмекова кешке жұмысынан оралған кезде байқаған. Бұған дейін, оның айтуынша, Әрсенді іздеу ешкімнің ойына да келмеген. Ол ешқашан үйден алысқа шықпаған баласының қайда баруы мүмкін екенін ойлап отыр.

«Біз бүкіл маңайды тексеріп шықтық. Бала үнемі көшеде ойнап жүретін, ол бұған дейін ешқайда кетпеген. Балам балабақшаға бармайды, бірақ үнемі көршілердің балаларымен ойнайды. Бірінші күні біз баланы түні бойы іздедік, сосын полицияға жүгіндік»,- дейді Әрсеннің анасы Жанар Көмекова.

Ал, көршілері болса анасы ұлына тым салғырт қарады деп отыр. Қалай болғанда да, қазіргі мақсат бүлдіршінді аман-есен табу. Бес күн бойы Әрсеннен бір хабар болмай, туыстарының ойы сан-саққа кетіп отыр. Оны біреулер ұстап отыр деген болжамдары да бар.

«Кім ұстап отырса да мына баламызды қайтарып әкеліп берсе болды. Біз тіл де тигізбейміз, заң орнына да жазбаймыз. Баламыз үшін бар ғой, неғұрлым ортамызға келсе болды», – дейді әжесі  Зәуре Сейбосынова.

Баланы 120 полиция қызметкері және он шақты еріктілер топқа бөлініп іздестіріп жатыр. олар жергілікті тұрғындардың барлығынан сұрастырған, алайда төрт жасар Әрсенді ешкім көрмеген.

«Күндіз-түні барлық үйлер мен аудандарды, бүкіл Алатау ауданын аралап шықтық. Біз полициямен өзара әрекеттесеміз, олардың мәліметіне сәйкес іздестіреміз. Ешқандай із, күмән тудырарлық белгі жоқ»,- дейді ерікті Рамина Ердананова.

Ал, баланың әкесі отбасымен бірге тұрмайды екен. Сондықтан, бірінші кезекте, полиция одан жауап алды. Бірақ әкесі баласымен сирек араласатынын және оны бірнеше апта бұрын ғана көргенін айтты.

«Түсініктемеде баяндап берген әйелдің куәлігіне таңғалдым. Ол шамамен 20: 00-де орталық көшелердегі дүкеннің маңында жылап тұрған баланы көрген, бірақ оған аса мән бермей, кетіп қалған. Біз баланы іздеуге қылмыстық, жасөспірімдер, жол полициясын, аудандық инспекторларды және Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлерін тарттық»,-дейді Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбелік кәсіпкерлер Рамазан айында арақ саудасынан бас тартып жатыр

Алматы метросында пойыздардың жүру кестесі өзгереді

Екі сағатқа сұранған: Қарағандыда ауыр дертке шалдыққан сәбиді ата-анасы тастап кетті

Талқылау