Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда белгісіз біреулер 8 жастағы қызды ұрлап кетпекші болған

Алматы тұрғыны Назгүл Қожабектің 8 жастағы қызын әлде біреулер ұрламақ болып, ол туралы жазылған пост қоғамда үлкен дүмпу туғызды. Қыздың анасының айтуынша, ауладан жүрген баланы үш еркек пен бір әйел алдап, көлікке отырғызып, іздерін жоғалтуды көздеген.

rebenok-Donbass

Сурет mir24.net

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Күдіктілердің бірінің көзі таңылған, екіншісінің бұты жалаң, қастарында төбет ит бар екен.

Назгүл Қожабек бүгінде балаларын аулаға жіберуден қорқып қалған. Апта бұрын белгісіз біреулер оның 2-сыныпта оқитын қызын ұрлап алып кетпекші болған екен. Айтуынша, ойнап жүрген ойын баласының қасына дөңкиген қара көлік тоқтап, ішінен бейтаныс адам шыққан. Түрі тәуір деуге келмейтін әйел “анаң кетіп қалып, сені маған тапсырды” деп өрімдей қызды өзімен бірге алып кетпекке әрекеттеніпті. Зәресі қалмаған қыз қаша жөнеліп, артынан қуған әйелге ұстатпай кеткен екен.

“Ішінде ит болды дейді. Үш ер адам болды, бір ер адамның байланып тұрды көзі дейді. Ана ит машинаның артқы терезесінен қарап, үріп отырды дейді. Әйел адамның түрі де біртүрлі қызық. Үстіне қара пальто киген, қызғылт түсті розовый етік, ол етіктің оюлары бар, тұмсығы қайқайған біртүрлі”, – дейді қыздың анасы.

Қазір аталмыш оқиғаға қатысты қалалық полицейлер қылмыстық іс қозғаған. Күдіктілерді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында баланы ұрлау фактісі ойластырылған не ойластырылмағанын тексеретін боламыз -дейді Ішкі істер департаментінің қызметкерлері. Ал күдіктілер кінәлі деп табылса, оларға қылмыстық кодекстің 125 бабы бойынша 7 жылдан астам уақытқа бас бостандықтарынан айыру жазасы кесілмек.

“Абырой болғанда бұндай фактілер бірен-сараң кездесіп жатады. Қазіргі таңда іздеуде жүрген немесе ұрланып кеткен кішкентай балалар жоқ. Жалпы адам ұрлау фактісі аса ауыр қылмыс болып табылғандықтан, оның бетін ашу бірден қолға алынады полиция қызметкерлерімен”, – дейді Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Осы оқиғаның ізінше қаладағы тағы бір мектептен бала ұрланды деген ақпарат әлеуметтік желі арқылы таралып кетті. Алайда мектеп басшысы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми хабарлап, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне араңдатушыларды табу жөнінде арыз жолдапты.

Талқылау