Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бауырын ауыстырған әйел екінші рет босанды

Алматыда 24 жастағы келіншек екінші баласын өмірге әкелді. Бірнеше жыл бұрын оның бауыры ауыстырылған болатын, деп жазады Қазақпарат.

Алматыда бауырын ауыстырған әйел екінші рет босанды

Әсел Сахан бауыр церрозы дертімен ауырып емделген. Ақыры жазылмайтын болған соң дәрігерлер бауырын алмастырған. Отаны А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары жасады.

Дәрігерлердің бақылауында болды. Бір жылдан соң Әсел жүкті екенін айтты. Бұл денсуалығы үшін қауіпті болса да босануға бел шешті.

Осылайша 2016 жылы тұңғыш баласын дүниеге әкелді. Жүктілік кезінде тиісті тексеруден өтіп, қадағалауда болды.

Бір жылдан соң екінші баласына жүкті болды. Дәрігерлер қарсы болғанымен, Әсел баланы өмірге әкелуге дайын екенін айтады.

“Дәрігерлер менен өте уайымдады. Екі жүктілік те мені үшін тәуекелге барумен бірдей еді. Дәрігерлердің арқасында сәтті босандым. Дәрігерлерге алғысым шексіз”, – дейді Әсел.

Ол екі баласында кесір тілігі арқылы өмірге әкелді. Дәрігерлердің өзі мұндай тәжірибені алғаш бастан өткергендерін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау