Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Батырхан Шүкеновтың достары концерт берді (фото)

Алматыдағы Республика сарайында «Батыр Lives» атты қайырымдылық концерті өтті. Үш сағаттық концертке әртістер бір айдай уақыт дайындалған.

Концертте қазақ эстрада әншілері марқұм Батырхан Шүкеновтың әндерін орындады, деп хабарлады КазИнформ.

Концертен түскен ақшаның барлығы марқұмның ұлы Мақсұт Шүкеновтің есеп-шотына аударылады.

“Алматы әкімдігіне, баршаңызға үлкен рахмет. Сіздердің қолдауларыңызбен Батырдың жүрек жылуы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, мәңгілік есте қалады деп ойлаймыз. Батыр біздің жадымызда мәңгі тірі», – деді продюсер Олжас Байқанов.і!”, – деді  Б.Шүкеновтың бұрынғы продюсері, жақын досы  Олжас Байқанов.

Марқұм Батырханның «Джулия» әнін бүкіл зал қосыла айтты. Оны ресейлік әнші Владимир Пресняков «А-студио» тобымен бірге орындады.  Олжас Байқановтың өзі де бұрынғыны еске алып,  «Сhick Flik» топ құрамында бас-гитарда ойнап, «Свободная птица» композициясын  орындады.

ҚР халық әртісі Роза Рымбаева Батырдың жаңа альбомындағы «Кездесу» әнін әуелетті.

Сондай-ақ кеште Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Далер Назаров, Нұрлан Абдуллин, Мәдина Сәдуақасова, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов, «Жетіген», «JCS», «Дервиши», «Мюзикола», «МузАРТ», «Мagic of Nomads» топтары, Илья Зудин, Юлия Началова, Доминик Джокер, «N.A.O.M.I» өнер көрсетті.

 
76
 
 
77
 
 78
 
 Untitled-3
 

Бiз) #Батыр

Фото опубликовано Али Окапов (@aliokapov)

 

С нынешней солисткой” А-Студио” Кети Топурия #Алматы #РеспубликаСарайы #Батырlives Фото опубликовано Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

 

За кулисами.. #Алматы #РеспубликаСарайы #Батырlives

Фото опубликовано Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Талқылау