Алматыда басшыдан қорлық көрген жолсеріктер шу шығарды

Сәрсенбі, 17 Тамыз , 2016 21:36

Алматыда жолсеріктер бас көтерді! «Жолаушылар тасымалы» компаниясы «Экспресс» филиалының қызметкерлері жұмыстан себепсіз қуылғандарына наразы. Соңғы 2 айда 40-тан астам жолсерік жұмыс орнымен қош айтысып, біразы қызметінен төмендетілген. Мұның бәрін жаңа басшылық қолдан істеп отыр дейді наразы топ, – деп хабарлады КТК арнасы.

1442576317zjesc
Жолсеріктер 2 жыл бойы қайта-қайта ауысқан басшылармен еш кикілжіңсіз жұмыс істеп келген. Бірақ соңғы директор келгелі берекеміз қашты дейді наразы топ. Яғни Гүлнәр Қоныспаева келіп, жұмысшылар шетінен қуылып жатыр екен. Ал кейбірі қызметінен заңсыз төмендетіліпті. Тіпті, орындарына жаңа басшы өз командасын әкеліп жатқан көрінеді.

«Олар бізге командно ауысып жатыр. Қонысбаева келді. Артынан Сисенбиева келді, өзінің старший кассирді начальник сектора қылып қойды. Қоныспаева 2016 жылы 16 майда бізге директор болып келді. Сол аралықта 44 проводник, 3 начальник поезда статьямен шығарылды. 8 начальник проводникке снимать етіп тастады», – дейді бұрынғы пойыз басшысы Гүлжан Есімова.

Жолсеріктерге билетсіз адам тасымалдады деп кінә тағылған. Ал пойыз қызметкерлері жолаушыларды екі станцияның арасында билетсіз мінгізгеніміз рас, бірақ мұның бәрін заңды түрде жасадық дейді. Яғни ереже бойынша түбіртек беріп, керісінше мекемеге пайда әкеліпті. Бірақ тырнақ астынан кір іздеген басшылық қайта-қайта аттестация өткізіп, қызметкерлерді қуып шығудың түрлі жолын тауып жатыр екен.

«Кеше келіп «80 пайыз өтпейсіңдер» деп айтты дейді. Не үшін? Ол қайдан біледі? Ол не үшін cенімді?», – дейді жолсерік Дәурен Орынбасаров.

Ашулы жолсеріктер Қонысбаеваның үстінен «Жолаушылар тасымалы» компаниясының басшысына дейін шағымданған. Бірақ ешқандай нәтижеге қол жеткізбепті. Ал жолсеріктерді шеттетіп жатқан басшының кеңсесі қазір Астанаға ауысып кеткен. Мұндағы филиал басшылары болса, бәріне жолсеріктердің өздері кінәлі дейді.

«Жұмыстан заңсыз шығарылғандарыңыз болса, сотқа барыңыздар. Прокуратураға беріңіздер. Сот пен прокуратура ғана шешеді. Солар шешеді», –  дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Алматы қаласындағы «Экспресс» филиалының басшысы Елікбай Айтбаев.

Осы тұста, Ақтөбе-Алматы бағытындағы пойыздың жолсеріктері де мұңдарын айтып қалды. Олар өздері қызмет ететін пойыз басшысының ауыстырылуын талап етуде.

Басшыларынан көңілі қалған жолсеріктер енді құқығымызды таптатпаймыз деп отыр. Сондықтан бұл мәселенің түбіне жетпей қоймақ емес.

Жіберіп алмаңыз: 

Жолаушыларға балағаттап тиіскен мас жолсерік “Алматы-Қостанай” пойызын тоқтатып тастаған

Қазақстанда 30 топ-менеджері пойыздарда жолсерік болып қызмет етеді

1,5 келі бекіре балығын жасырған жолсерік 2 жылға сотталуы мүмкін

ШҚО-да пойыз ішінде дәретхана қағазы жоқ деп шулатқан ер адам сотталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар