Алматыда басқа фамилиямен жүргізуші куәлігін алып алған әйел ұсталды

Дүйсенбі, 22 Тамыз , 2016 10:27

Алматы полициясы мүлде басқа фамилиямен көлік жүргізу куәлігін алған әйелді ұстаған. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

20160822095742

“Әл-Фараби мен Жароков көшелері қиылысында полицейлер рөлінде 35 жастағы әйел отырған автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізуші К. есімді азаматшаның атындағы 2015 жылы алынған куәлікті ұсынған. Деректер базасындағы мәліметке қарағанда, бұған дейін бұл әйел басқа фамилия мен 2003 жылы алынған жүргізуші куәлігіне ие болған”, – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысы Нұрлан Алмасбеков.

Алайда, кейінірек белгілі болғандай аталған жүргізуші 2015 жылдың қараша айында жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан із жасырған екен. Әйелдің әрекетіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 611 бабы 2 бөлімі негізінде іс қозғалған. Ол 2015 жылдың 22 желтоқсанынан бастап 12 айға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылған.

20160822095745

“Бірақ, көріп тұрғандарыңыздай пысық азаматша заңды белден басып, біраз уақыттан соң тегін К-ға ауыстырып жүргізуші куәлігін алған. Кейін осы жылдың маусым айында тегін қайтадан Б-ға ауыстырып жаңа құжат, жеке куәлік алады. Осылайша ол құқық қорғау органдарының өзін сан соқтырып, жауапкершіліктен жалтаруға тырысқан”, – деді Нұрлан Алмасбеков.

20160822095749

Оның сөзінше, аталған құқық бұзушылық үшін жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 612 бабы 3 бөлімі негізінде жауапқа тартылмақ. Ал оның көлігі арнайы тұраққа қойылып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 795 бабына сәйкес жүргізуші куәлігінен де айырылды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар