Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бас мүфти балалардың мектепке керекті заттарын алып берді

Алматыда «Мектепке жол» шарасының аясында мың балаға керек жарақ сатып алынды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Photo-1503306349-34635

Алматының барлық аудандарындағы мешіттер аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардың тізімін жасап, сол бойынша оқушыларға сабаққа қажетті құралдар толтырылған сөмкелер дайындалған. Игі шараға негізінен көп балалы отбасыдан шыққан, жетім және мұқтаж бүлдіршіндер шақыртылыпты.

Олардың әрқайсысы дәптер, қалам, күнделік және өзге де оқуға қажетті құрал-жабдықтар алды. Бұл олар үшін аз да болса көмек болары сөзсіз. Ал «Мектепке жол» акциясының аясында өңірлердегі мешіттер бүлдіршіндерге тек оқу құралдарын емес, мектеп формасын да алып беріп жатыр.

Photo-1503306333-93642

“Мың балаға мектепке бару үшін барлық жағдай, жәрдем жасалып жатыр. Кейбір мешіттер мектеп формасына дейін алып беріп жатыр. Сөмкенің ішіне 5 мың теңгеден астам заттар салынған. Мектепке бару үшін барлық заттары алынған, қамтылған”, – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте «Баха» лақап атымен танымал экс-депутат ұзақ мерзімге сотталды

Ақтау көшесінде қарумен жүріп жұртты шошытқан жігіт 7 жылға сотталуы мүмкін

Шымкентте перзентхана қызметкерлері шетінеген шақалақтың ата-анасына басқа баланың мүрдесін беріп жіберген

Елімізде терроризм туралы ақпарат айтқан адамға 2 млн теңге төленеді

Талқылау