Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда банкротқа ұшыраған турфирманың бастығы түрмеден шығып кетті

Алматыда банкротқа ұшыраған туристік фирманың бастығы екі жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда ол көп ұзамай амнистияға ілігіп кетіпті. Үкімді Алмалы аудандық соты шығарған.

1696626

Бұл туралы Sputnik Казахстан хабарлайды.

Tengri Travel System компаниясы қазақстандық туристер мен заңды тұлғаларға жалпы көлемі 734 миллион теңге шығын келтірген. Айыпталушы Роман Хан сот отырысы кезінде өз кінәсін мойындамаған .

“Роман Хан Миронович ҚР қылмыстық кодексінің 195 бабы бойынша айыпты деп танылып, 2 жыл 6 айға мүліктерін тәркілеумен қатар бас бостандығынан айырылады. ҚР “Амнистия” туралы заңына сәйкес 2016 жылдың 13 желтоқсанында Роман Мироновичтің жазасы бас бостандығынан айыру жазасынан мүліктерін тәркілеумен қатар бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды”, – деді судья Иманқұлов.

Амнистиясыз-ақ, үкім прокурор сұрағаннан да жеңіл болып шықты. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Хан үшін сегіз жылға түрмеге жабу жазасын талап еткен болатын.

Сот сонымен қатар, Роман Ханды 90 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді. Бұл атышулы іс бойынша сот отырысы биылғы жылдың көктемінде басталған еді. Ол Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша, 74 эпизод бойынша айыпталған. Алайда сот бүгін оның барлығын жоққа шығара салды.

Өткен сот отырысында айыпталушы компанияның банкротқа ұшырауын “экономикалық жағдаймен” байланыстырған. Еске салсақ, 2015 жылдың жазында еліміздегі ірі туроператорлардың бірі саналатын “Tengri Travel System” өзінің банкротқа ұшырағанын жария еткен. Келесі күні-ақ, қазақстандық туристер қонақүйлерден кетіп қалады.

Оқи отырыңыз:

Қостанайлық азамат екі жыл бойы туған қызын зорлап келген

Павлодар кафесіндегі шу тудырған порно роликтің бас кейіпкері жазадан құтылып кетті

Астаналықтар 6 баласымен жалғыз қалған әйелге көмек көрсетті

«Ұшақтағы қазақ тілі» анекдотқа айналды

Талқылау