Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда банк қызметкерін өлтірген күдікті ұсталды

Алматыда банк қызметкері Нұршат Розиевті өлтіруге қылмысына күдікті адам ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

20160911103200

Бірнеше күн бұрын Алматыда банк қызметкері Нұршат Розиев денесінде пышақ жарақаттарымен өлі күйінде табылған еді.

“Сотқа дейінгі зерттеу жұмыстары барысында қылмысты жасаған Алматы қаласының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Өз қылмысын жасыру үшін ол Розиевтің баспанасын да өртеген. Ал денесін қала сыртына апарып, өзен жағасына тастаған. Қазіргі таңда қылмысқа басқа да адамдардың қатысы бар екендігін тексеруде. Сотқа дейінгі зерттеу жұмыстары ҚР ҚК 99 бабы 1 бөлімі бойынша жүріп жатыр”, – деп хабарлады полиция.

Айта кетейік, Розиев 3 қыркүйекке қараған түні жоғалып кеткен еді. Оны анасы іздеп полицияға арыз жазған болатын.  Ол тұрған үйдің бір бөлігі өртенген. Оның Nissan Primera маркалы көлігі үй ауласынан табылмады.

 

Талқылау