Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда балалы əйелді қағып кете жаздаған автобус жүргізушісі жазаланды (Видео)

Алматы полициясы жол ережесін өрескел бұзып, балалы əйелді қағып кете жаздаған автобус жүргізушісін ұстады.

балалы келіншек

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Əзірбек айтты.

Əуезов пен Қарасай батыр көшелері қиылысында №65 автобустың жол ережесін өрескел бұзғанын, оны  жол қозғалысының қатысушылары бейнетаспаға түсіріп алған.

“Тексеру жүргізе келе, оның кім екендігін анықтадық. 38 жастағы азамат  “Дэуо” маркалы автобуспен жолаушы тасымалдау кезінде үш рет ереже бұзған. Біріншіден, қарама-қарсы бағытқа шығып, жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Осылайша ол көшедегі жол қозғалысы қатысушыларының ғана емес, салондағы жолаушылардың өміріне қауіп төндірген. Бұл құқық бұзушылықтар бойынша əкімшілік хаттама толтырылды”, – деді Алматы қалалық ІІД бөлім басшысы Еркін Өтегенов.

Қалалық полиция қоғамдық көлік жүргізушілерінің жұмысын қадағалау күшейтіліп жатқанын хабарлады.

Талқылау