Алматыда балалар шомылып жүрген фонтан суынан қауіпті бактериялар табылды

Сәрсенбі, 13 Шілде , 2016 7:26

Еліміздің басым аумағына келген аптап ыстық жұртты өзен-көлдер мен тіпті субұрқақтар маңынан пана іздеуге мәжбүр етуде. Көп жағдайда осындай демалыстар қайғылы аяқталып жатады. Себебі жаз басталғалы бері ел бойынша 20 адам ажалын судан тапқан. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

13Pm0HMb2Au0lw1U4cjK4bQ8i1Z98Q

Ал жағажайға жете алмай, су бұрқақ пен кішігірім су қоймаларын жағалаған алматылықтарды тағы бір қауіп күтіп тұр. Қаладағы осындай нысандардың барлығында қауіпті қоздырғыштар табылған.

Алматыдағы субұрқақтар мен кішігірім тоғандар ыстықтан пана іздеп, демалуға ниеттенгендердің сүйікті орны. Бірақ бұл жерлер жиі тазалана бермейді. Тек «шомылуға болмайды» деген ескерту іліне салған. Онысына бала-шаға қарап жатқан жоқ. Ал осындай нысандардың барлығы адам өміріне қауіпті. Себебі, су сынамасын тексерген санитар дәрігерлер бактериялар, паразиттер мен вирустар тапқан.

“2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы судың жағдайы нашарлау. 68 процент санитарлық-химиялық, 96 процент санитарлық-бактериологиялық сәйкес келмеді. Және токсокароза, лямблиез қоздырғыштары табылды. Ол адам организміне өте зиянды, олар вирустық бактериологиялық, полеотологиялық індеттерді шақыруы мүмкін”, – деді Алматы қалалық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бас маманы Бағдагүл Сәлібекова.

Судың өзі тазартылмай, ары кетсе бетінде қалқыған қоқыс қана сүзіліп алынады. Ал жазғы демалыстағы балалар үшін шомылудың тегін болғаны маңыздырақ. Ата-аналар өз кезегінде аквапарк пен бассейндердің қымбат екенін алға тартуда.

“Ол жақ қымбат енді. Арасында апарамыз ол жаққа да, бірақ біз жақын тұрамыз. Бізге мына жер өте ыңғайлы. Қорқамын, бірақ өзім әдейі келіп отырмын. Жіті қадағалап отырмын баламды”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Ботагөз Егембердіқызы.

Осыдан екі жыл бұрын жағалауы абаттандырылған Сайран көліне келушілердің қарасы қалың. Сондықтан құтқарушылар осында кезекшілік етіп, демалушыларға ескерту қағаздарын үлестіруде.

“Ішкен кезде суға түспеу және жасөспірімдерді суға қараусыз ешуақытта жібермеу. Аяғы суға тиетіндей жерге дейін барып, сол жерге шомылу. Қол-аяғы немесе дене бітімі тартылған жағдайда су жағажайына шығып, медициналық қызметкерлер көмегіне жүгіну керек”, – дейді Әуезов аудандық ТЖБ бас маманы Арман Мәкенов.

Алматыда биылғы шомылу маусымында ажалын судан тапқан жан жоқ. Бірақ ел бойынша 20 адам суға кеткен. Оның барлығы рұқсат етілмеген және құтқарушысы жоқ жерде шомылғандар. Сондықтан шілдемен бірге құтқарушылардың жұмысы да қыза түспек. Олар сақтықта қорлық жоқ екендігін ұмытпауға шақырады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар