Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда балалар коньки және шаңғы тебуді тегін үйрене алады

Алматыда коньки және шаңғы тебуді тегін үйренуге болады, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық хабқа сілтеме жасап Stan.kz.

Сурет: Ақпараттық-спорттық ХАБ

Биыл 14 қаңтардан бастап «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары басталады. Өз кезегінде тәжірибелі нұсқаушылар сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін «Март» сауда орталығы және Дубок ықшам ауданындағы Центральная көшесі 8г-да орналасқан тегін мұз айдындарына келген коньки тебушілерді тегін үйретуге дайын көрінеді.

Бұдан бөлек, 15 қаңтардан бастап 1-11-сынып оқушыларын шаңғы тебумен тегін үйрету сабақтары өтеді. Оқыту сабағының уақыты бес күнге созылады, күніне 1 сағат (дүйсенбі-жұма). Керек жабдықтар қосымша тегін беріледі.

Мұндай топтың әрқайсысында 10 баладан дайындалады. Өтетін орындары мен басталуы: «PIONEER» (біріңші ауысым 10:00-де және екінші ауысым 16:00-де), «Шымбұлақ» (10:00 және 16:00) және «Звездная поляна» (09:30-дан 17:30-ға дейін).

Айта кетсек, керек тегін сабақтар «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда. Бағдарлама қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Оқи отырыңыз:

Астанада банкоматқа тығылған тышқандар бірнеше мыңдық ақшаны кеміріп тастаған (видео)

Қостанай облысында ер адам өзін пышақтаған әйелін кешірді

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалиден ақшасын ала алмаған продюсерді сынап тастады

Айсәуле Бақытбек жігітімен азаматтық некеде тұрғанын ашық айтты

Ақтөбеде полицейлер орамал тағатын оқушылардың үйлерін аралауға кірісті

Талқылау