Жезөкше деп айқайлаған: Алматыда балалар ауласында көрші әйел өзгенің қызын аяусыз ұрып тастады

Алматыда балалар ауласында ойнап жүрген қыз баланы көрші әйел ұрып-соқты.

Бұл туралы 13 жастағы қыздың анасы желіде жазды. Айтуынша, қызы әткеншекте құрбыларымен сөйлесіп отырған.

«Ол әйел қызымды ұрып-соқаны соншалық, қызымды ауруханаға жатқызуға тура келді. Мен арыз жаздым, бірақ оған айыппұл ғана салуы мүмкін екенін айтты. Осылай біреудің баласын ұрып-соғып, жай ғана айыппұл төлеп құтылуға болады екен. Енді не боларын көреміз. Басқа ешнәрсе айта алмаймын. Қызым тезірек жазылсын деп тілеп отырмын», – деп жазды анасы.

Бұл оқиғаны қыздың әпкесі толық баяндады.

“Оқиға көрші аулада болды. 13 жастағы сіңлім Лаура құрбысымен және ініммен әткеншек теуіп отырады. Аздап шаң шығарғандықтан, әткеншікті тоқтатады. Осы кезде аулада темекі шегіп отырған әйел ашуланып, оларды балағаттай бастайды. Қыздарды жезөкше деп атаған. Қыздар әйелге олай атауға қақысы жоқ екенін айтқанда, бейтаныс әйел “сендер еркектермен қалай төсектес болатынын білетін жастасыңдар” деген. Ол қыздарға ұрсып, кетіңдер деп айқайлайды. Қыздар ауладан кетпей, әрірек барып отырады. Бірі әлдене деп қалжыңдайды да күледі. Сол кезде әлгі әйел сіңлімнен “Неменеге күліп тұрсың, жезөкше?” дейді. Лаура осы үшін жауап беретінін айтқан соң, әйел қолын ала жүгіреді. Тіпті, қылқындырып “өлтіріп, денеңді көміп тастаймын” деген.

Лаура оны жұмсақ ойыншық рюкзакпен ұрады. Ал,  Сейдомарова оны су толы бөтелкемен басынан ұрған. “Саған сене ме, ересек адам маған сене ме олар?” деп күліпті. Лаураның құрбысы бізге хабарласып, жағдайды айтты. Біз ол жерге барғанда 45 жастағы әйелдің күтіп тұратынын білген жоқпыз. Милиция мен жедел жәрдем шақырдық.  Сейдомарова оқиғаны басқаша баяндай бастады. Қыздарға тиіспегенін айтты. Ол жерде отырған үлкен адамдардың араша түспегеніне таңғалдым. Қазір Лаураның жағдайы жақсы болып қалды. Ол бас жарақатын алған. Ал Сейдомарова жеңіл жазамен құтылмақ. Істің қозғалуы үшін сіңлім жансақтау бөліміне түсуі керек пе еді?”, – деп жазады әпкесі ВК желісінде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар