Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда айлық жол жүру билеті жүйесі қайта енгізілетін болды

Алматыда қоғамдық көлікте студенттер мен оқушыларға және зейнеткерлерге арналған айлық жол жүру билеті жүйесі қайта енгізілетін болды. 88_main

Бұл туралы Азаттық сайты хабарлайды.

Алматы қалалық жолаушылар транспорты басқармасының бастығы Дәурен Әлімбековтің айтуынша, қалалық мәслихат депутаттары 50-сессиясында 1 наурыздан бастап студенттер, оқушылар мен зейнеткерлерге арналған жеңілдетілген айлық жол жүру билетін қайта енгізуді мақұлдаған.

Бірақ енді бұрынғыдай қағаз түріндегі айлық жол жүру билеті шығарылмайды. Енді студенттер таяуда іске қосылған “Оңай” карточкасына бірден 3000 теңге, оқушылар 1000 теңге, ал зейнеткерлер 2000 теңге салып, қоғамдық көлікте бір ай жүре алады.

Алматы қаласы әкімдігі 2015 жылдың қазанынан бастап қоғамдық көліктерді электрондық билетке ауыстыру туралы шешім шығарған. Қалалық қоғамдық көлік жүйесі 2016 жылы қаңтардың 11-інен бастап «Оңай» электрондық төлем тәсіліне толық көшті. Билет құны – 80 теңге. Қазір алматылық студент, оқушылар мен зейнеткерлерге 50 пайыздық жеңілдігі бар «Оңай» картасы берілген.

Талқылау