Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әйелдің басына мұз құлап мерт болды: Әкімдік марқұмның отбасына көмектесетінін айтты

Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімдігі басына мұз түсіп қайтыс болған 60 жастағы әйелдің отбасымен хабарласып, көмек көсретуге уәде етті, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда басына мұз құлап мерт болған әйел: Әкімдік марқұмның отбасына көмектесетінін айтты

Еске сала кетсек, бүгін Алматыда «Adal Residence» тұрғын үй кешеніндегі үйдің алдында 1958 жылғы әйелдің басына мұз құлап, әйел оқиға орнында тіл тартпай кеткен еді.

Оқиғаға қатысты пікір білдірген Аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Жанат Жақсыбаевтың сөзінше, қайтыс болған әйел сол үйде тұрмаған екен.

«Өтемақы мәселесін аудан басшылығымен ақылдаса отырып қарастырамыз. Әзірге қайтыс болған әйелдің туыстарымен хабарласып, қандай көмек қажеттігін анықтаймыз», – дейді Жақсыбаев.

Сонымен қатар ол «Верный выбор» ЖШС басқарушы компаниясы өткен аптада шатырды, ауланы қар мен мұздан тазалағанын айтты.

«Тек бір пәтерге ғана жұмысшылар кіре алмай қойған. Шатырды тазалау үшін жұмысшылар 9-қабаттағы пәтерге кіруі керек болған. Ал ол пәтер жабық болған. Кішкентай ғана мұз сүңгісі еріген сумен қосылып үлкен кесекке айналған да, үзіліп түскен», – дейді Жанат Жақсыбаев.

Қайғылы жағдай салдарынан көз жұмған зейнеткердің мүрдесін полиция алып кетті. қазіргі уақытта ПИК төрағасынан жауап алынуда.

 

Талқылау