Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда аяусыз таяқ жеген фельдшер айыпталушыға кешірім берді

Алматыда жедел жәрдем дәрігеріне жұдырық ала жүгірген жігітке жаза кесілді. Сот үкімімен Рифхат Базыбековтың бостандығы бес жылға шектеліп отыр деп хабарлайды КТК телеарнасы.

5454

Яғни, басбұзар бұдан былай емін еркін жүріп тұра алмайды деген сөз. Тіпті жұмыс орны мен тұрғылықты мекен-жайын да өз бетінше өзгертуіне құқығы жоқ. Сот барысында оның фельдшер Наркескен Сейсенбаевты таспен ұрып, ауыр жарақаттағаны толық дәлелденгенімен, тараптар ымыраға келіпті.

Судьяның жеңіл жаза кесуі де сондықтан. Ал сотталушы ем-домға жұмсалған бар шығынды өз мойнына алған. Былтыр қарашада қала тұрғыны әйелін қарауға келген жедел жәрдемнің екі бірдей қызметкерін сабаған болатын.

Ауыр жараланған Наркескен Сейсенбаев ұзақ уақыт комада жатты. Кейін әрең ес жиған оның ары қарай емделуіне енді сотталушы қаржылай көмек көрсетуі тиіс.

Талқылау