Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда аяқ-киім дүкенінде әмиян ұрлаған адам бақылау камерасына түсіп қалды (видео)

Алматыда белгісіз біреу аяқ-киім дүкенінің ішінде жүрген клиенттің әмиянын ұрлап кеткен.

photo_27298

“Мен екі баланың анасымын. Екінші балама әлі 40 күн де болған жоқ. Аяқ-киім дүкеніне кірген кезімде әмиянымды ұрлап кетті. Біз дүкендегілерге хабар бердік, кейін олар бізге ұрлық болған сәт түсіп қалған видеоны көрсетті”, – деді әйел.

Бостандық ауданы ІІБ полиция бөлімінің басшысы жанындағы полиция подполковнигі Әуелхан Дінмұхамедтің айтуынша, бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тіркеу реестріне тіркелді. “Белгісіз біреулер аяқ-киім дүкенінде шамамен сағат 17.15-те 1985 жылғы әйелдің әмиянын ұрлап кеткен. Онда 60 мың теңге болған. Осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (“Ұрлық”) бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тіркеу реестріне тіркелді. Сонымен қатар, қылмыстық істің материалдарына видеобақылаудағы деректер де тіркелді. Жедел тергеу тобы құрылды. Бұл видео кінәні дәлелдеуге айқын дәлел”, – деді полиция подполковнигі.

Талқылау