Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда автокөлік «Целинный» кинотеатрына соғылды (фото)

Алматыда автокөлік «Целинный» кинотеатрына соғылды. Көлік ішіндегі жолаушы зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан.

Toyota Camry маркалы автокөлік Қабанбай батыр көшесімен батыс бағытқа бет алған. Масаншы көшесінің қиылысында белгісіз себептермен жол жиегіне шығып кетіп, «Целинный» кинотератрының ғимаратына соғылған.

ЖКО салдарына көлік ішіндегі жолаушы зардап шекті. Түрлі жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді.

Куәгірлердің сөзінше, автокөлік жүргізушісі мас болған.

Алматы қалалық полициясы оқиғаның жай-жапсарына анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Жүргізуші жолда тайып құлап қалған әйелді әдейі қағып өтті (видео)

Павлодарда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оны бірнеше сағат бойы өз көлігінде алып жүрген

Экс-депутат Әблязовтың зәулім сарайын көрсетті (видео)

Петропавл тұрғындары қала автобустарында жолақы төлеуден толықтай бас тартпақшы

Талқылау