Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда автобустың қатысуымен болған жол апатында бірнеше адам қаза болды

Алматыда автобустың қатысуымен болған жол апатында екі адам мерт болды. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады КТК.

Екі жігіт автобус астында қалды. Екеуі де оқиға орнында жан тәсілім етті.

54 жастағы жаяу жүргіншіні қиылыста қағып кетті. Куәгерлердің айтуынша, ол жолды кесіп өтпек болған. Бұл кезде рейсті автобус бұрылып жатады. Жүргізуші адамды байқамаған. Ер адам жедел жәрдем келгенше мерт болды.

46 жастағы ер адам да дәрігерлер келгенше көз жұмды. Оны микроавтобус қағып кетті. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жаяу жүргінші күтпеген жерден жол бойына жүгіре шыққан. Жүргізуші көлігін тоқтатып үлгермей қалды.

“Автотехникалық сараптама міндетті түрде тағайындалады. Соның нәтижесінде жүргізушілерлің ережені қаншалықты бқзғаны, жаяу жүргіншілерді қағып кетпеудің мүмкіндігі болғанын не болмағанын анықтайды”, – дейді Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау