Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда автобустарға арналған тағы бір қосымша жолақ пайда болды

Алматыда автобустардың кедергісіз жүруіне мүмкіндік беретін жаңа жолақ пайда болды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

5a305707d432163d2d1fadde560608b4

Сурет almaty.zagranitsa.com

Қазір көше бойына қажетті белгілер қойылып, жолақтар сызылып жатыр. Жалпы ұзындығы 13 шақырымға созылады. Яғни Саяхаттан басталып, Алтын Орда базарына дейін. Сондықтан бұдан былай Райымбек даңғылының бойына көлік қоюға да рұқсат жоқ.

Бірақ ереже бұзған жүргізушілер тек 15-ші маусымнан бастап жазаланбақ. Алдағы уақытта автобустарға арналған жолақтар Төле би, Тимирязев, Желтоқсан, Наурызбай батыр, Гоголь көшелерінің бойында да пайда болады. Осылайша қала билігі 1-ші шілдеге дейін қоғамдық көліктерге арналған жолдарды көбейтіп, көлік нөпірін азайтуды көздеп отыр.

Талқылау