Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда автобустан түсіп бара жатқан қызды көлік қағып кетті (фото, видео)

Алматыда автобус жолаушысы көліктің астына түсіп қалды.

Алматыда автобустан түсіп бара жатқан қызды көлік қағып кетті (фото, видео)

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға Момышұлы мен Жұбанов көшелерінің қиылысында орын алған.

Куәгерлер мен көлік жүргізушісінің сөзінше, 31-бағыттағы автобус Момышұлы көшесі бойымен оңтүстік бағытта жолдың сол жақ қатарында жүріп бара жатқан. Жұбанов көшесінің қиылысына жете бергенде, автобус жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне тоқтап, жолаушыларды рұқсат етілмеген жерде түсірген.

Алматыда автобустан түсіп бара жатқан қызды көлік қағып кетті (фото, видео)

Автобустың алдыңғы есігінен бойжеткен түсіп бара жатқан. Осы кезде автобустың жанынан өтіп бара жатқан «Лада Ларгус» маркалы автокөлік жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, қызды қағып кетті.

Түрлі жарақат алған бойжеткен жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау