Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда автобустағы “Оңай” жүйесіне қарсы шыққан жүздеген жолаушы күре жолды жауып тастады

Маңайдағы ауылдардан келетін жұрт «Оңай» картасынсыз автобусқа міне алмай ығыры шыққан. Ашулы жолаушыларды тіпті тәртіп сақшылары да біразға дейін сабасына түсіре алған жоқ.

Безымянный

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Ал көше ортасындағы ұрыс-керіс салдарынан күре жолдың бойында мыңдаған көлік ары-бері өте алмай кептеліп қалды.

«Оңайға» қарсы наразылықтан от шыға жаздады. Алматыда жаңа жол жүру жүйесіне қарсы шыққан жүздеген адам қаланың негізгі күре жолдарының бірін жауып тастады.

«Саяхат» көлік бекетінің аялдамасында тұрған мына жұрт осы жерде автобустарын 2 сағат күткенін айтады. Көбі қала маңындағы ауылдардан келгендіктен қолдарында «Оңай» төлем картасы болмай, автобустарға міне алмай жүр. Қоғамдық көліктер тіпті мұнда тоқтамайтын болған.

“Мен «Оңай» басталғалы балаларымды мектепке апара алмаймын. Апарсам, әкеле алмаймын. Мені автобусқа мінгізбейді. 17-интернатта әлі «Оңай» каточкасы берілмеген. Берген жоқ әлі, оларда шығып үлгерген жоқ”, – дейді түрғын Назымгүл Дүйсенова.

Ақыры ашуға булыққандар «Оңайды алып тастасын» деген талаппен Райымбек даңғылының бойына шығып алды. Аяқасты жүздеген адам жолды жапқаны сол еді, ағылған көліктер иін тіресіп кептеліп қалды.

Бас көтергендерді жолдан қуам деп тәртіп сақшылары да жетіп келді. Бірақ, олардың сөзін тыңдап жатқан ешкім жоқ.Тәртіп сақшыларына бой бермеген соң бас көтергендермен жүргізушілердің өздері жұлқыласа кетті.

Әйтеуір, полиция қызметкерлері ақыры халықты сабырға шақырып жүріп, жолды әрең дегенде босатты. Бірақ, рұқсатсыз митинг болғандықтан, жағдайдың немен бітері белгісіз. Дегенмен, «Оңай» енгізілгелі бері жағдайымыз қиындады деген жұрттың бір ашуы ішінде кетті.

Талқылау