Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда автобусқа жеңіл көлік соғылып, жүргізуші ес түссіз жатыр

Алматыда автобус пен Mersedes көлігі соқтығысты. Дəрігер зардап шеккен адамдардың жағдайы туралы айтып.  Жол апатына түскен көліктердегі 10 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген еді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Айта кетейік, Саина көшесімен бағыт алған №38 автобус бағдаршамның нұсқауымен жүрмек болған. Кенет қызыл түске қарамастан жүрген Mercedes жеңіл көлігі автобусқа келіп соқтығысқан.

Дəрігерлердің айтуынша, апат болған жерден 4 адам 7-ші қалалық ауруханаға жеткізілген.

«Таңғы 9-дан бастап зардап шеккендер толық қабылдау бөлімшесінде ем шараларынан өтті. Үш адам амбулаториялық емге жолдама алды. Олар жеңіл жарақатпен түскен. Ал Mersedes жүргізушісі ауыр жағдайда ес-түссіз жатқан күйінде жеткізілді. Мидың ашық жарақаты, кеуде қуысының ауыр жарақатымен түсті. Келе салысымен оған ота жасалды. Ішіне кеткен қан тоқтатылды. Қазіргі жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Пациент жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратында жатыр»,- деді 7 аурухананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі Ғазиз Төлепбергенов.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнына 6 жедел жəрдем бригадасы шыққан.

«Сонымен қатар, орталық ауруханаға екі адам түсті. Аурухана дəрігерлері пациенттерді тексеріп, оларды амбулаториялық ем қабылдауға үйіне қайтарды. Сонымен қатар, Перинаталогия жəне балалар кардиохирургиясы орталығына жеткізілген жүкті келіншек те ауруханаға жатудан бас тартты»,- деді баспасөз қызметінен.

Тағы оқыңыз:

Қарағанды облысында сабақ үстінде мектептің төбесі опырылып құлап түсті

Алматылық жігіт бір қазаққа жерін тегін беретінін айтты

ОҚО тұрғыны тырнаны атқан мергенді құстың киесі ұрғанын айтып берді

Мұхтар Шаханов Оразалинді «Қоразалин», Оразалин Шахановты «Шакалов» деп атады

Талқылау