Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда автобус жүргізушісі терезеден айна алып шығып жолдағы жағдайды бақылаған (видео)

Алматыда жолаушылар автобус жүргізушісінің ерекше әрекетін таспаға басып алған. Онда қоғамдық көлік тізгіндеген азамат іштен айна алып шығып, сонымен жолдағы жағдайды бақылаған.

бьти

Видеоны Дмитрий Вениаминович есімді азамат Youtube порталындағы каналында жариялаған. Кадрда №33 автобус болуы мүмкін делінген көлікті басқарып отырған жүргізуші, сол қолымен айнаны терезеден шығарып, артқы жақта келе жатқан көліктерді бақылайды.

Ал негізгі көліктің сол қапталында тұруы тиіс айнаның тек қаңқасы қалғаны анық байқалып тұр.

Роликте автобустың басқа жағы көрсетілмеген. Оң қапталдағы айнаның бар-жоғы белгісіз. Автобус жүргізушілерінің тосын қылықтары толастамай тұр. Жақында ғана Астанада автобус жүргізушісі аяғын терезеден шығарып, жылдамдықты тым арттыра айдан жолаушылардың наразылығын тудырған еді. Бұған назар аударған қала әкімінің өзі, жағдайды бақылап, жүргізушінің жазаланғанын хабарлады.

Талқылау