Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда автобус жол бойында отырған адамды қағып өлтірді

Алматыда жол бойныда отырған ер адам автобустың астына түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Оқыс оқиға Қабанбай батыр және Қарасай батыр көшелерінің арасында Гагарин көшесінде солтүстік бағытта болған. №81 автобус жүргізушісінің айтуынша, ол Гагарин көшесімен келе жатқан, ал 30-35 жас арасындағы ер адам жолдың ортасында отырған. Қоғамдық көлік жүргізушісі қараңғыда адамды бірден байқай қоймағанын және тежеуішті басқан кезде бәрі кеш болғанын айтып, сендіруде.

Ер адам алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тапқан. Марқұмның құжаты жоқ болып шықты. Оқиғаның мән-жайын Алматы полициясы тексеруде.

Тағы да оқыңыз:

Асанәлі Әшімов: Ұлымды фильм рөліне дайындау үшін қара су мен нан беріп әбден жүдеттім

Қылмыс әлемінде «Баха-Фестиваль» деген лақап атпен танылған Бақыткелді Баясов деген кім?

ҰҚК: Соғыс жүріп жатқан Сирия мен Иракта 390 қазақстандық бала бар

Талқылау