Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда автобус ағашқа соғылып, 8 жолаушы зардап шекті (фото)

Алматыда Сүйінбай көшесімен келе жатқан 416-шы бағыттағы автобус апатқа ұшырады. ЖКО салдарынан 8 адам жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда Сүйінбай көшесімен оңтүстік бағытпен келе жатқан 416-шы бағыттағы автобус жол шетіндегі ағашқа соғылды.

Аталған бағыттағы автобус жүргізушісінің сөзінше, белгісіз көлік оның жолын қиып кетпек болған. Мұнан кейін, ол көлік рөліне ие бола алмай, жол жиегіндегі ағашқа соғылған екен.

Жол көлік оқиғасы салдарынан 8 жолаушы зардап шеккен. Оның біреуі ауыр халде жатыр.

Автобуста барлығы 20 жолаушы болған екен.

Оқи отырыңыз:

Атыраудағы ірі жол апаты: Екінші көлік жүргізушісі емханада қамауға алынды

Семейде екінші сынып оқушысы кәріз құдығына құлап мерт болды

Алматыда 35 жастағы Өзбекстан азаматы жоғалып кетті

Алматыда қар тазалап жүрген жұмысшыны көлік қағып, өлтірді

Талқылау