Алматыда авто әуесқой 1680 үйді газсыз қалдырды
Алматыда Медеу ауданындағы Полевая көшесінде 8 қыркүйек күні сағат таңғы 5.00 шамасында автокөлік орта қысымдағы газ құбырын зақымдаған. Бұл туралы “ҚазТрансГаз Аймақтың” Алматы өндірістік филиалы баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Фото: kapital.kz
“Қазіргі таңда жөндеу бригадасы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Зақым әсерінен жергілкті тұрғын-жай секторындағы 1680 үй газдан ажырап қалған. Бірнеше күн ішінде түзетіліп, қайтадан газ қосылатын болады”, – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Тұрғын үйлермен қатар, екі жылу қазандығы мен жергілікті кәсіпорында да газ ажыраған.
Талқылау