Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ауласынан көлік жөндеу орталығын ашқан адам жауапқа тартылды

Алматыда жеке үйде орналасқан техникалық қарау пункті әшкереленді. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

СТОООО

Нысан бірнеше жыл бойы заңсыз жұмыс істеп келген.
Мұндай дерек Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген рейд барысында анықталды.

Айта кету керек, заңсыз «мекеме» Алатау ауданындағы арнайы ХҚКО маңында орналасқан.

Саялы көшесінде орналасқан техникалық қарау «стансасы» қолда бар материалдардан жасалған. Қазір полицейлер «станса» мамандарының техникалық диагностиканы қаншалықты сапалы жүргізгенін анықтап жатыр.

Талқылау