Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда атысқа байланысты қару-жарақ дүкендері жабылды

Алматыда оқиғаның мән-жайы анықталғанша қару-жарақ дүкендерін жабылды. Бұл туралы ҚР аумағында азаматтық және қызметтік қару-жарақ саласындағы мекемелер мен ұйымдар ассоцияциясының вице-президенті Сергей Катнов мәлімдеді.

0_c5d62_5de51d5f_orig

Сурет: zbroya.info 

Оның айтуынша, атыс Алматыда осыдан бір сағаттай бұрын болды. Осыдан кейін қаладағы барлық қару-жарақ дүкендерін жабу туралы шешім қабылданды. Қалада барлығы 15 қару-жарақ дүкені бар.

Айта кетейік бұған дейін хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр. Алматыдағы террорға қарсы операция:қалалықтардың үйлерінен шықпаулары қатаң ескертілді.

Талқылау