Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда атышулы Слекишина абақтыдан босатылуы мүмкін

Жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенімен қоймай, қорғансыз әйелді азаптаған. Наталья Слекишинаны зорлаған түрме қызметкеріне енді осындай айып тағылып жатыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

yyfy

“Сотталушы бұған дейін қызметін асыра пайдаланып, жәбірленушіні жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін айыпталған еді. Біз істі қайта қарап, айыптау актісіне толықтыру енгіздік. Яғни, енді түрме қызметкері “азаптау” бабы бойынша да сот алдында жауап береді”, – дейді прокурор Дәурен Халықов.

Бұған қоса, Слекишинаны адвокаттан бас тартуға мәжбүрлегендер де жазаға тартылатын болды. Жәбірленуші тараптың бұған көңілі толғанымен, олар жалғыз Руслан Хакимовтің жазалануына қарсы. Себебі, Слекишина тергеу қапасында өзін 4 қызметкердің жабылып зорлағанын мәлімдеген еді. Сөйтіп, ол жүкті болып, қыз туған. Сараптама нәтижесі бойынша, түрмеде туылған сәбидің әкесі қазір сотталып жатқан майор Хакимов болып шықты.

Ал зорланған әйел айыптаған тағы 3 қызметкер сотқа куәгер ретінде қатысып жатыр. Өзі азаматтық некедегі күйеуіне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 8 жылға сотталған Наталья Слекишинаның әлі өтейтін 6 жарым жылы бар екен. Енді оның адвокаты түрмеде көрген қорлығы үшін жазасын өтеуді кейінге қалдыруды талап етпек.

“Оны абақтыдан шығарып алудың амалын ойлап отырмын. Неге десеңіз, 3 нәрестесі бар. Соған мен өтініш сотқа жіберемін”, – дейді қорғаушы Айман Омарова.


Жіберіп алмаңыз:

Түрмеде зорланған Наталья Слекшинаның сотында абақтыдағы жантүршігерлік сорақылықтар айтылды

Алматыда абақтыда зорланған келіншек түрме қызметкерінің ашынасы болуы мүмкін

Түрме қызметкерлерінен бала босанған әйелдің адвокаты шулы мәлімдеме жасады

Абақтыда зорланғанын мәлімдеген әйел түрме қызметкерінен бала босанып алған

Талқылау