Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда танымал адвокат Михаил Кленчиннің өлі денесі табылды

Оқиға болған жерден жедел-іздестіру тобы “Сайга” қаруын тапқан. Қару Кленчиннің атына жазылған екен. Ол сот-медициналық сараптамадан өткізіледі. Оқиға қазіргі кезде өзіне қол жұмсау әрекеті ретінде есептелуде.

IMG_9149

Бұл туралы Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Михаил Кленчин 1980 жылы, 17 қарашада Алматы қаласында туған. Қазақстандық заңгер қоғамдық істерге белсенді араласып, “Қаржылай қызмет көрсетуді дамыту ұлттық қоры” ҚҚ-ның төрағасы болған.

Ол Алматыдағы № 25 мектепті бітіріп, 2002 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында білім алған.

Корпоративтік заңгер ретінде жұмыс істеп, 2007 жылдан бері жеке заңгерлікпен айналысқан. РҚБ “Алғашқы жемқорлыққа қарсы медиаорталықтың” төрағасы, Қазақстанның салық Палатасының мүшесі, “НұрОтан” партиясының қолдауымен республикалық қоғамдық кеңестің, «Kazakhstan Bar Association» коммерциялы заңгерлері құрамында, ҚР «Атамекен» ҰКП кеңесінің құрамында мүше болды.

Михаил Кленчиннің қазасына байланысты Алматыда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Талқылау