Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ата-аналар оқушыларға жыныстық қатынасқа байланысты жүргізген тестке қарсы шықты

Алматыдағы № 35 гимназияда 10 жылдан бері ЖИТС (СПИД) ауруына қарсы жыл сайын тест жүргізіледі. Алайда, жақында ғана осыған байланысты ата-аналар тарапынан жанжал туды.

Безымянный

Бұл туралы Экспресс К дайында

Даудың басы «Оральды жыныстық қатынас кезінде АИВ дертін жұқтырмас үшін сақтандыру құралын пайдалану керек пе?» деген сұрақтан басталған. Ата-аналар биология пәнінің мұғалімі Ольга Сидорова мен мектеп директоры Ольга Прокопьеваның қызметінен кетуін талап еткен. Айта кетейік, екі оқытушы да тәжірибелі, жоғары білімді ұстаздар. Алайда, ата-аналар оны елемейтін сыңайлы.

Тест жыныстық қатынас арқылы ЖИТС дертін жұқтырмау шарасына бағытталған. Она сақтанбағандықтан жүкті болып қалу немесе ауру жұқтыруы мүмкін екендігі айтылған.

Алайда, кейбір ата-аналар мектеп басшылығын қолдайтындарын білдірді.

«Бұл Білім министрлігі дайындаған ЮНЕСКО-ның тесті. Текст біздің мектепте ғана емес, барлық мектептерде өткізіледі. Тестті біз де оқып көрдік, онда қылмыстық ешнәрсе жоқ. «Оральді жыныстық қатынас кезінде сақтандыру құралын пайдалану керек пе?» деген сауал медициналық тұрғыда дайындалған. Оның балаларға ешқандай кедергісі жоқ деп ойлаймын. Кішігірім дүниеден дау шығарудың керегі жоқ», – дейді ата-аналардың бірі.

«Тестті 2006 жылы ЮНЕСКО курсының бірінде алдым. Тестті арнайы кәсіби мамандар балаларға арнап дайындаған. Оқушылар әр түрлі жағдайда өзін сақтандырудың жолдарын білуі керек», – дейді биология пәнінің мұғалімі Ольга Сидорова.

Аталған тест еліміздегі қала мектептерінің бәрінде жүргізіледі. Алайда, бұған тек Алматының № 35 гимназиясының ата-аналары ғана қарсы болған.

Ерік Әубәкіров

Талқылау