Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ата-аналар мектеп әкімшілігі мәжбүрлеп ақша жинайды деп шу көтерді

Алматыда №147 мектеп әкімшілігі мәжбүрлеп ақша жинайды деп ата-аналар шу көтерді. Мектепте өтетін әрбір іс-шараға ақша беруден мезі болдық деген олар шыдамның таусылғанын айтады.

ыы

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Айтуларынша, оқушыларға тегін болуы тиіс жазғы сауықтыру лагеріне қатысу үшін де ақша төлеуге міндеттепті. Алайда ата-аналар шағымын мектеп әкімшілігі жоққа шығарып отыр.

Ата-аналар әбден ашынған сияқты. Ол аздай бастауыш сыныптар мектеп асханасына сабаққа келмеген күндер үшін де ақы төлейді дейді. Ал гимназия оқушылары жазғы сауықтыру шараларына қатысуға міндеттелді деп, шыдамдары шекке жетіпті.

“Қазір лагерге ақша жинау керекпіз. 1000 теңгеден 20 күнге. Бармаймыз десек, оған бізге бас тартуға болмайды, – дейді ата-ана Индира Көрпебаева.

Алайда жазғы сауықтыру шараларына қатысу тегін болып шықты. Мұны ата-аналар білім басқармасына хабарласқан соң ғана біліпті. Одан өзге әліппемен қоштасу, жаңа жыл кеші, шырша орнату, наурыз тойы. Осы шаралардың бәріне ақша жинадық дейді.

“Бәріне ақша жинадық. Наурызда біз мектепте әр сынып шырша отырғыздық. Сосын директорға 10 мың теңгеден жинап бердік, – дейді ата-ана.

Ал директордың міндетін атқарушының айтуынша, ешқандай ақша жиналмаған. Тіпті жаңа жылда безендіруге деп арнайы қаржы бөлініпті. Көлемі де аз емес

Ал жазғы сауықтыруға оқушыларды міндеттеп те отырған жоқпыз дейді. Бәрі ата-ана еркінде екен.

“Мектеп жанынан сауықтыру лагері ашылып жатыр. Мысалы, биыл ағылшын тілін оқытуға бес-алты. Ол ата-ананың ерікті түрде. Одан ешқандай ақша жиналмайды. Ол тамақсыз, – дейді №147 гимназияның мектеп директоры міндетін атқарушы Гүлбақыт Әлімғожаева.

“Шағымданушылар мектептің барлық ата-анасынан ақша жиналады, алайда олар ашық айтуға қорқады дейді. Олардың айтуынша, қаражат тікелей директордың пәрменімен, бірақ сынып жетекшісінің қолымен жиналатындықтан, басшылық өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр. Егер де бұл заңсыз әрекет тыйылмай, сынып жетекшісіне қысым көрсетілетін болса, соңына дейін барамыз деп отыр ата-аналар

Талқылау