Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әскерилер снаряд сатып ақша тапқан

Саудаға түскен снарядтар. Алматыда металл қабылдау орнынан жүздеген гильза табылды. Қарулы күштеріне тиесілі жезден құйылған артиллериялық оқ қаптамаларын сол әскерилердің өздері тапсырған көрінеді. Мұны металл қабылдау орнының қызметкері айтып қалғанымен, әскерилердің өзі түк білмегендей сыңаймен таңқалып, талып түсті,-деп хабарлайды ктк арнасы

снаряд

“Бастық жоқ! Білмеймін мен . Маған ешкім кіргізбе деді”,-дейді металл қабылдау орнының қызметкері

Танкіге қарсы снарядтар темір-терсек қабылдайтын мына орында тау болып үйіліп жатыр. Біразын суреттері ақпарат құралдарына тараған бетте әскерилер жинап үлгерген екен. Снаряд гильзаларының мұнда қалай келгенін әскерилер сол күйі түсіндіріп бере алмады.

Ал металл қабылдаушылар тілшілер келгенше іздерін суытып үлгерген екен. Тек телефон арқылы снарядты әлдебір әскерилердің тапсырғанын айтты. Полигоннан тура металл пунктіне жеткізілген гильзаларды әскерилер қайта көліктеріне тиеп, біржолата жоюға алып кетті.

«Мен гильзаларға қарадым. Қауіпі жоқ екен. Содан мен өзіммен алып кетіп жатырмын. Көрініп тұр ғой қауіпті емес екені. Ішіне қарасаңыз ешқандай жарылу қауіпті заттар жоқ»,- №61993 әскери бөлімінің қызметкері Әділ Әбділдаев

Талқылау